ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ 2021 - 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН БЕКІТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ 2021 - 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН БЕКІТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

24 ақпан күні жетінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясы депутат С.Кішібайдың төрағалығымен өткізілді. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл күнгі депутаттар форумының күн тәртібіне бірінші мәселе ретінде Отырар ауданының 2021 - 2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының бекіту туралы мәселе ұсынылса, бұл жөнінде депутаттар алдында аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов жан-жақты әңгіме өрбітіп, ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Аудан басшысының баяндаған ауқымды тірліктердің ойдағыдай жүзеге асырыла беруіне ниеттестіктерін білдірген депутаттар бұл мәселені қолдайтындықтарын қолдарын көтеру арқылы білдірісті.

Сессияның қарауына ұсынылған екінші мәселе -  мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы болды. Бұл мәселені де депутаттар түсіністікпен қабылдап, өздерінің қолдайтындықтарын аңғартты.

 Депутаттар форумы күн тәртібіндегі қаралған екі мәселеге байланысты да арнайы шешімдер қабылдады.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...