ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛЫП, ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫ АРТПАҚ

ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛЫП, ЖҰМЫСШЫЛАР САНЫ АРТПАҚ

Сайрам ауданындағы «Арт Сапалы құрылыс» мекемесі осындағы негізгі кәсіпорындардың бірі.

Жылыту қазандықтарын шығаратын мекемедегі жұмысшылардың дені жастар. Зауыт алдағы уақытта Оңтүстік кореялық технологиямен жабдықталған жаңа цехты іске қоспақшы. Ол кезде жұмысшылар саны да артып, ел экономикасы да еселене түспек.

Бүгінде Сайрам ауданында бірнеше ауыр машина жасау  кәсіпорны бар.  Олардың бәрі де ел экономикасына сүбелі үлес қосуда. Солардың бірі –  «Арт Сапалы құрылыс»  мекемесі. 2008 жылы іске қосылған    жобаның жалпы қуаттылығы- 200 миллион теңге.  Жылыту қазандықтарын шығаратын зауыттағы  жұмысшылардың денін жастар құрайды.

Жылыту қазандықтарын жасауға негізінен отандық өнімдер пайдаланылады.    Сондай-ақ, өндіріске  қажетті мамандардар да осында дайындалады.  Жасыратыны жоқ, кейінгі кездері мұндай өндіріс орындарында нәзік жандылардың жұмыс атқаруы сиреп кеткен еді. Ал бұл мекемеде  арулардың үлесі баршылық.

Бүгінде бұл кәсіпорынның өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Мекеме басшылығы осы мүмкіндікті одан сайын еселеу мақсатында жан – жақты жұмыс атқаруда. Соның негізінде жақында мұнда  Оңтүстік Корея елінен заманауи  технологиялар алдырып, тағы бір цехты іске қоспақшы.

Жаңа цех ашылған кезде өнім де артып, жаңа жұмыс орындары да ашылары белгілі. Бұл  экономиканы еселеп, елге де құт әкелері сөзсіз.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...