ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Басқосуда бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру мен кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер, жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бизнес ортадағы өзекті мәселелер ортаға салынған алқалы жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев,Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының директоры Тимур Нахипбеков және жергілікті атқарушы және аумақтық органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Жиында отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері сөз болды.

Х.Көшқалиев ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында Агенттіктің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы Түркістан өңірінде қарқынды жүзеге асырылып жатқандығын баяндап, жоба аясында бүгінгі күні Департамент тарапынан жалпы сомасы 621 млрд теңге құрайтын 49 инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынғандығын жеткізді.

Бизнесті қорғау мәселелері еркін форматта талқыланған жиын соңында Түркістан облысындағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелер мен карантин режимінде сақталуы тиіс негізгі шектеулер ортаға салынып, өңірдегі кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Айта кетсек, Департаментпен келісімге қол қойған инвесторлар алдағы уақытта 100% сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде қорғалатын болып келісілді.

«No-comment.kz»- ақпарат

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...