Сенат төрағасы Шымкент қаласының белсенді жастармен кездесті

Сенат төрағасы Шымкент қаласының белсенді жастармен кездесті

Сапар барысында Сенат Төрағасы шаһардың белсенді жастарымен кездесіп, реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер жөнінде айтты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Ол өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды. Сондай-ақ жас таланттарға жаңа мүмкіндіктер беретін Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің қызметі де әңгімеге арқау болды.
«Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда жастардың білім саласындағы әлеуетін іске асыруға және қызметте өсуіне қажетті жағдай жасалып отыр. Жас буынды баспанамен қамту мәселесі де басты назарда. Өздеріңізге белгілі, биылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан идеясымен тығыз байланысты және дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымын жариялады. Бұл қағидаттар, ең алдымен, жастардың бойынан табылуы керек», – деді Сенат Спикері.
Сонымен қатар сенаторлар қаладағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды. Сондай-ақ олар бұған дейін Палатаның тұрақты комитеттеріне Шымкенттегі «AZALA Textile» тоқыма фабрикасының жұмысшыларынан өтініштер келіп түскенін ескеріп, кәсіпорынның қызметімен танысу үшін аталған нысанға арнайы барды.
Сенат Төрағасы әлеуметтік әділеттілік пен теңдік мәселелеріне де назар аударды. Ол Қазақстанда әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Жастар, оның айтуынша, әділ және гүлденген қоғам құруға ұмтыла отырып, осы өзгерістердің қозғаушы күшіне айналуы тиіс.
Сенат спикері өз сөзін аяқтай отырып, Шымкент және бүкіл Қазақстан жастары реформалар процесіне белсенді қатысып, елдің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Ол жастарға олардың бастамаларында сәттілік тілеп, барлық деңгейдегі қолдау мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Fufeng Group компаниясының басқарма төрағасы Ли Сюэчунмен агроөнеркәсіптік кешен және көмір...

Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында GE HealthCare өңірлік президенті Костас...