ҰБТ-ның аралық қорытындылары: талапкерлердің 77%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырды

ҰБТ-ның аралық қорытындылары: талапкерлердің 77%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 77%-ы қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 78% талапкер жинады. Орташа бал 70 балды құрады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ең жоғары балл – 140. Оны ҰБТ-ны өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек жинады. 139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинады. Аталған үш талапкер ауыл мектептерінің түлегі болып табылады. 6 бала 138 балл, 20 бала 137 балл жинаған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға жеті аптаның ішінде 639 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 596 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 375 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 179 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 42 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...