Алматы әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

«Күнделікті қажырлы еңбектеріңізбен Сіздер қоғамға өмірде не болып жатқанын түсінуге көмектесесіздер, қала мен елдегі маңызды оқиғалар туралы хабардар етесіздер. Біз үшін Сіздердің материалдарыңыз тек деректер көзі ғана емес, ең алдымен Алматыны дамытуда дұрыс шешім қабылдаудың негізі болып табылады», - деп атап өтті әкім.

Алматы қаласының басшысы ақпараттық кеңістіктің маңыздылығы мен баға жетпес үлесін атап өтті.

«Сіздердің жауапты жұмыстарыңыз бізге мегаполистің тұрғындарымен және бизнеспен сындарлы диалог құруға көмектеседі. Объективтілік пен кәсібилікке негізделген мұндай тиімді өзара іс-қимылдың алдағы кезеңде де жалғасатынына сенімдімін. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, кәсібилікте жаңа биіктер мен бақ-береке тілеймін!», - деп ізгі ниетін білдірді Е. Досаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...