Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Игі істер» марафоны аясында «Өз еліңді танып біл» тақырыбында ерікті жастар «Ибрахим ата» кесенесіне экскурсияға барып қайтты.
Экскурсияның мақсаты – жастар арасында ұрпақтар сабақтастығы, салт-дәстүрді дәріптеу және еліміздегі белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен таныстыру, насихаттау болып табылады.
Тарихи құндылықтармен танысу Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрахим ата» кесенесінде өтті.
Экскурсияға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және қаланың ерікті жастары қатысып, Ибрахим атаның халық арасындағы киелілігі және ерекше көріпкелдік қасиеті туралы аңыздары және кесененің сәулет тарихымен жақынырақ танысты.
Кесене Сайрам тұрғын алабының солтүстік-батыс бөлігінің шетінде, Ақсу ауылы жолының жанындағы биік төбеде орналасқан. Ортағасырлық сәулет өнерінің бұл ескерткіші осы аймақтағы бұрыннан сақталып келе жатқан күмбезді кесенелердің бірі болып табылады.
Іс-шара жастар арасында патриоттық сезімді нығайтуға ықпал етті және туған тарих пен мәдениетті зерттеуге деген қызығушылықты арттырды. Экскурсияға қатысушылар мұндай іс-шаралардың тарихи ескерткіштерге құрмет көрсетуді қалыптастыру және болашақ ұрпақ үшін мәдени мұраны сақтау үшін маңыздылығын атап өтті. "Игі істер" марафоны жастардың әлеуметтік және мәдени дамуына бағытталған жаңа бастамалармен жалғасады.
Сондай-ақ, экскурсияға каланың 10 ерікті жасы қатысты.
Сұрақтар туындаған жағдайда Жастар ресурстық орталығының экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бөлімінің мамандары телефоны бойынша хабарласуға болады.
Абдисадык Аружан 8-706-606-09-54
Абдулла Айдана 8-707-151-68-69
Бүркітбай Санжар 8-747-864-88-34
Бахадыр Бекарыс 8-701-012-09-98