САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысының бірнеше аудандарында егін егу науқаны басталып кетті,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сол аудандардың бірі – Сарыағаш ауданы. Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы.  Аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 315 га жерге қырыққабат және 130 га жерге картоп егілді. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың га жерге күздік бидай себілді.

Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр.  Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га бақша және 9 мың га жерге мал азықтық дақылдар  егілетін болады.

 «No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...