КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Келес ауданына 2021 жылы 3 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үш мектептің құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржы бөлінген. Олар Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы мектеп ғимаратына жаңа 300 орындық оқу корпусының құрылысымен қатар, спорт залы және асхана құрылысы қатар жүрмек. Сонымен қатар, Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ елдімекеніндегі 300 орындық М.Горький атындағы орта мектептің құрылысы 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Келер жылдың ішінде Қошқарата ауылдық округіндегі Жамбыл елдімекеніндегі №29 жалпы орта  мектебінің құрылысы да аяқталмақ.

Одан бөлек, тағы 7 мектептің құрылысына қажетті қаржы бөлінуі үшін құжаттар жолданды. Ал аудандағы  мәдениет және спорт салаларын дамыту мақсатында тағы 6 құрылыс нысанын салуға тиісті құжаттар дайындалды. Биыл Келес ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 23 жобалық сметалық құжаттамалар дайындалды. Бұл жобалар да келер жылдың еншісінде. 

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...