Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады

Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады

Қайта құру жұмыстары басталып кетті. Бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстары Ақтөбе өңірінің Хромтау ауданында жүріп жатыр. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласының қасында басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынады. Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында құрылыс жұмыстарының барысын көлік министрі Марат Қарабаев тексерді. 

«Нысан басында 120 маман мен 100 бірлік арнайы техника жұмыс жасауда. Құрылыс жұмыстары қарқынын арттыру мақсатымен тағы да қосымша мамандар мен арнайы техника жұмылдыру көзделді. Биыл мердігер ұйымдар барлық жер жұмыстарын аяқтап, сондай-ақ еріген қар суын өткізуге мүмкіндік беретін су өткізгіш құбырларды салады», - деді Марат Қарабаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...