ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ ОНЛАЙН ЕСЕП БЕРДІ

ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ ОНЛАЙН ЕСЕП БЕРДІ

Түркістан қаласы Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов 2020 жыл қорытындысы бойынша онлайн есеп берді.

Есеп беру Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратында Әкімдіктің аппарат басшысы Жәнібек Наушабайұлының қатысуымен өтті.

Карантиндік сақтық шараларына байланысты есеп беру барысында қала тұрғындары басқарма басшысына көкейкесті сұрақтарын онлайн жолдады. Айта кетерлігі, есеп беру бойынша хабарлама ертеректе департамент парақшасында жарияланған болатын. Әр түрлі бағытта қойылған сұрақтардың өз кезегінде басқарма тарапынан қолға алынылатыны айтылды. Есеп берудегі мәліметке сәйкес, 2020 жылдың 12 айында 909 құқық бұзушылық тіркеуге алынған. Бұл өткен жылғы есеппен салыстырғанда 27,9 % (2019 жылы 1261құқық бұзушылық тіркелген) азайған. 833 қылмыстық әрекеттер жасалған.

Көрсеткіштер бойынша қылмыс түрлері 2019 жылмен салыстырғанда біршама азайған. Атап айтқанда, тонау қылмыстары 27-ден 14-ке 48,1 %, қарақшылық 4-тен 2-ге 50,0 %, бұзақылық 49-дан 27-ге — 44,9 %, ұрлық қылмастары 614-тен 395-ке 35,7 %, оның ішінде пәтер ұрлықтары 200-ден 125-ке 37,5 % азайып отыр. Сонымен қоса, жасөспірімдер және олардың қатысуымен орын алған қылмыстар 35-тен 23-ке немесе 34,3%, адамдардың топтасып қылмыс жасаулары 156-дан 72-ге немесе 53,8 %төмендеген.

Қазіргі таңда, көше және қоғам қылмыстарымен жасөспірім арасындағы қылмыстарды алдын алу және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында аптаның бейсенбі, жұма, сенбі, күндері Түркістан қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция пункттерінің әкімшілік аймақтарында, болған қылмыстарды дер кезінде ізін суытпай ашу бағытында «бір-нүктелік» жедел-профилактикалық жұмыстар атқарылуда.

Басқосу кезінде басқарма басшысы қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағытын жұмыла жасау қажеттігін айтып, алдағы уақытта атқарылып жатқан жұмыстар жаңғыртылатындығын айтты.

«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...