ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖЕЛІЛІК САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖЕЛІЛІК САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

 Түркістанда жаңа саябақтың құрылысы басталды. Рашид Абатұлы Ж. Майкотов көшесінің бір жақ бетінде құрылысы басталған желілік саябақ жобасын көрді. Аталған аумақ тұрғындарына ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатындағы демалыс орны ақпан айының басында басталған болатын. Жоба бойынша көктемде аяқталуы жоспарланған. Одан өзге, модульді орталық маңында жаңа саябақ салу бойынша да бірқатар тапсырма берілген. Рашид Абатұлы "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысына жұмыстың бәсеңдігі бойынша қатаң ескерту беріп, жұмысты ширатуды тапсырды. Ал, 28 га құрайтын қалалық саябақта (дендропарк) 12000 ағаш отырғызу жоспарланса, қазірде оның 7 мыңы егіліп тұр. Сондай-ақ, түрлі гүлдер мен көгал да аумақтың ажарын ашуға негіз болмақ. "Жібек жолы" саябағы жанында құрылысы жүріп жатқан "Yassy Village” коттеджді қалашық құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. 2020 жылдың наурызында құрылысы басталған нысан екі кезең бойынша жүргізіледі. Жалпы, жұмысқа 70 адам мен 10 техника жұмылдырылған.


«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...