ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жоба қолға алынды

ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жоба қолға алынды

Биыл ақпан айында Мемлекет басшысы инвесторларды тарта отырып, қалдықтарды өңдейтін зауыттар салуды тапсырды. Осы тапсырма аясында Үкімет қайта өңдеу төлемдерін пайдалана отырып, қалдықтарды басқару саласында 94 инвестициялық жобаның пулын қалыптастырды. Барлық жобалар мүдделі тараптармен, атап айтқанда әкімдіктермен және бизнес-қауымдастықтармен келісілді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған жобаларды жүзеге асыру коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін қазіргі 1 млн тоннадан жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

24 шілдеде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ «ADC TAZA А'LEM» ЖШС биогаздан электр қуатын өндірумен ҚТҚ өңдеу жөніндегі техно-экопарк зауытын салу жөніндегі алғашқы жобаны іске асыруды бастау рәсіміне қатысты.

Жоба жылына 120 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды, ірі көлемдегі қалдықтарды сұрыптауды 120 мың тонна/жыл, органикалық қалдықтарды қайта өңдеуді – 80 мың тонна/жылына қарастырады. 70 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Қалдықтарды басқару саласындағы мұндай жобалардың толық жүзеге асырылуы аймақтардың экологиялық және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...