Білім беру қызметінің тағы бір түрі eGov.kz порталына шығарылды

Білім беру қызметінің тағы бір түрі eGov.kz порталына шығарылды

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау жалғасуда. Енді абитуриенттер колледжге түсу үшін құжаттарын eGov.kz порталы арқылы тапсыра алады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі сілтеме жасап.

Құжат тапсыру кезінде порталды қолданушы оқу тілін жән өңірді таңдай алады. Порталда автоматты түрде абитуриенттің білімі, бағалары және оның сертификатының жалпы бағасы туралы ақпарат шығарылады. Азаматтардың жеңілдігі бар жекелеген санаттары үшін (І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, т.б.) жүйе оның мәртебесі туралы қосымша ақпаратты көрсетеді.

Сонымен қатар өтінімнің мәртебесін бақылап отыру және қажет болған жағдайда оны кері қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Атап өту керек, бір абитуриент 4 колледжде 4 түрлі мамандықты таңдай отырып бір ғана өтінім бере алады.

Абитуриент өтінімді беру үшін eGov.kz порталына кіріп, «Білім» бөліміндегі «Колледждер» санатын таңдауы тиіс. Мұндағы көрсетілген барлық кестені толтырып, файлды жүктейді және ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Колледждерге құжаттар қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда 96 мыңнан астам өтінім қабылданды. Жаңа оқу жылында тегін техникалық және кәсіби білім берумен 145 мың студент қамтылады деп жоспарлануда.

Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «ҰАТ» АҚ-мен және А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ҰЗББО бірлесіп аталған қызметті автоматтандырып, іске қосты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...