Бүгінде Алматыда жатақханалардың жетіспеушілігі ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Ағымдағы жылы қалада жеке инвестициялар есебінен 4 010 төсек-орынға арналған 7 жатақхананың құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа оқу жылында 130 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана ашылады, онда педагогикалық мамандығы бар ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады. Заманауи барлық жағдайы жасалған жатақхана бұрынғы ғимаратты қайта құру арқылы жасалды.
Құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Барлық қажетті жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.
Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айының ортасында жоспарлануда.