Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Бірыңғай геопорталға айналып, заңсыз нүктелік құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік береді - ӨҚМ

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Бірыңғай геопорталға айналып, заңсыз нүктелік құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік береді - ӨҚМ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударады. Құрылыс саласында 22 мемлекеттік қызмет бар. Оның 20-сы «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта Қалған екеуі - қағаз түрінде ұсынылады. Мемлекеттік қызметтер реинженирингі мен кейіннен оларды цифрландыру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс жобаларын әзірлеу, эскиздік жоба бойынша келісу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну мемлекеттік қызметтерін көрсетудегі негізгі проблема берілетін құжаттардың бекітілген бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес келмеуі болып табылады. Сәулетті жоспарлау тапсырмасындағы техникалық шарттарды беру файлдарды тіркей отырып, қағаз түрінде жүзеге асырылады. Бұл жүйе ашық емес. Әкімдіктерде құрылыс объектілері және олармен байланысты құжаттардың цифрланбаған базасы бар. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Бірыңғай геопорталға айналады. 

«Жүйе сәулет-жоспарлау тапсырмасын, жобалардың техникалық шарттарын беру кезінде бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларындағы деректерді форматты-логикалық бақылауды деректерді валидациялау және бизнес-процестерді цифрландыру арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Геопортал халық пен бизнесті бекітілген қала құрылысы регламенттеріне сәйкес елді мекендердің аумақтарын игерудің өзекті деректері және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде шешімдердің ашық қабылдануын қамтамасыз етіп, заңсыз нүктелік құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...