МАҚТАТАРАЛДАҒЫ ЖИНАЛЫС

МАҚТАТАРАЛДАҒЫ ЖИНАЛЫС

Мақтатарал аудандық  кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, зиялы қауым өкілі, ауданның құрметті азаматы, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Елдар Абсаттарұлы Қазыбековпен этнос жастарының кездесуі болып өтті.

Еркін форматта өткен жиында Тәуелсіздік күнінің маңызы, осы жылдарда еліміздің жеткен жетістіктері жайлы сөз болды. Сонымен қатар, кездесуде жастар Елдар Абсаттарұлымен сұхбаттасып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты. Талқыланған тақырыптар қатарында мәдени, білім, спорт салаларына қатысты өзекті мәселелер бар.

Өз кезегінде Елдар Абсаттарұлы алдағы уақытта жастарды тәрбиелеуде маңызды, тағылымы мол шаралар өткізу жоспарда бар екенін айтып, жастардың саналы тәрбиемен, сапалы біліммен сусындап өсуіне тілектестік білдірді.

 «No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...