Түркістан облысында 1-наурыз Алғыс айту күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан халықтарының достығын дәріптеуге арналған байқау жарияланды. Осыған орай Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша «Шаңырақ» атты Түркістан облыстық байқауының ережесін таныстыру мақсатында брифинг өтті.
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев байқаудың мақсаты таныстырды. Оның айтуынша «Шаңырақ» байқауының мақсаты- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай зиялы қауым, ақын-жазушы, журналист қаламгерлер және блогер көзімен әлеуметтік жазбалар топтамалары арқылы Қазақстан халқы арасындағы ынтымақ-бірлікті, достықты қалыптастыруға атсалысу, этносаралық қарым-қатынастықты нығайту, еңбек адамы мен үлгілі отбасын насихаттауды көздейді. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ тілінде өлең оқып, ән айтып, ізгі тілек жолдау, Отанды құрметтеу, жол сапардан позитивті мақала жазу. «Шаңырақ» байқауында жағымды ақпарат тарату, тікелей репортаждар жасау, қазақы салт-дәстүрді дамыту, тәрбиелік мәні бар аталы сөздер мен бата тілектерді жастар бойына сіңіру, шығармашылық иелерінің өнерін насихаттау, жас таланттарды қолдау, мерейлі отбасыларын үлгі ету, ұлттық құндылықтарды артыру басты мақсат. Байқауға ұсынылатын жазбалар мекмекеттік тілде болуы тиіс.
Байқаудың жалпы жүлдесі: 1-орын үшін сыйақы көлемі – 150000 теңге; 2-орын үшін сыйақы көлемі – 100000 теңге; 3-орын үшін сыйақы көлемі – 80000 теңге. Сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үміткерлерге ынталандыру сыйақысы тағайындалады. Байқаудың қорытындысы 2021 жылы маусым айында БАҚ өкілдерінің мерекесі күні қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар марапатталады-деді Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” мекемесі басшысы Эльмира Жанғазиева.
Байқау мақсатына сай келетін, әр түрлі тақырыптағы мәтіндік материал (мақала, пост, телеочерк, фотосуреттер, бейнероликтер мен слайдттар, сельфи және т.б) әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялануы қажет. Үміткерлер әлеуметтік желіде «Шаңырақ» журналистер клубы тобына жазылуы және байқауға ұсынылатын материалдар осы топта мемлекеттік тілде жариялануы тиіс. Байқауға қатысушы әр үміткерге қойылатын талап Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әр қатысушы тақырыпқа сай кемі 30 пост материал жариялауы тиіс- деді Түркістан облысы ҚХА журналистер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек. «Шаңырақ» байқауы ел бірлігін насихаттау жолында қоғам белсенділеріне қозғау салатын тың жоба ретінде көпті қуантып отыр.
«No-comment.kz»-ақпарат