Шауғар-Шойтөбе атауы жайлы деректер

Шауғар-Шойтөбе атауы жайлы деректер
Шауғар-Шойтөбе –Түркістан оазисіндегі ІІ-ІІІ – ХІІІғғ өмір сүрген қала және облыс орталығының оңтүстігіне қарай 7 шақырым жерде орналасқан.
Әр өңірдің жер-су, қала, қоныс атаулары сол аумақтың тарихынан сыр шертеді. Қазақстанның оңтүстік өңірін ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз тайпалары мекен еткендігі тарихтан белгілі. Ал енді сол Оғыз тайпаларының өңірдің топонимикасына қандай із қалдырғанын қысқаша айтып өтсек.
Түркістан оазисінде Оғыз тайпаларының атымен аталатын қалалар бірнешеу, олар – Қарнұқ-Қарнақ; Қараджук-Қарашық; Байындур-Байылдыр; Қайы-Уранқай; Оқлы-Оқшы; Тәкин-Теке; Шой-Шойтөбе, Шойтөбе І, ІІ және Шоймола мазараты. Көрші аудандарда да оғыздарға қатысты қалалар жетерлік, олар Жавулдур-Шәуілдір; Мүрде-Мүрде; Қазғұрт-Қазығұрт; Тұрбатлы-Тұрбат және т.б. «Шойтөбе» атауы «Шой» деген Оғыз тайпасының атынан шыққан.
Шауғарды ІХ-ХІ ғғ. арасында Оғыз мемлекетінің Шой тайпасы да мекен еткен болуы керек. Шауғар ХІІ ғ. саяси да, экономикалық та орталық болу құқығын бірте-бірте көрші жатқан Ясы қаласына беріп қойған сияқты, ол аздай, ХІІІ ғ. басында мүлде қиратылып, тарих сахнасынан кеткен соң, қала халқы оның рабадындағы Шойтөбе-І, Шойтөбе-ІІ қоныстарына көшіп-қонып, осы қоныстардың ең көп тұрғындары Шойлар өз атауларын жаңа қоныстарға және қираған, төбеге айналған қалаға да берген деп есептейміз.
Шойлардың Ясы-Түркістан қалаласының СБ жағында да қоныстары болғандығын 1951-1952 жж. жасалған қала картасынан көреміз. Қазіргі Түркістан реставрациясы, Нан зауыты, Су-канал басқармасы, Бала бақша орналасқан территорияда ХХ ғ. 50-ші жылдары Шоймола мазараты мен Шоймола қоныстары түсірілген. Бұл ескерткіштердің де ІХ-ХІ ғғ. арасында Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Ресей территорияларына дейін кеңейген Оғыз мемлекетінің жаңғырығы, ізі деуге толық негіз бар.
М.Тұяқбаев - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының археолог,
Н.Ақболат - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қорықшы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...