1 наурыз - Алғыс айту күні қарсаңында Мырзакент кентіндегі «Мақтаарал» мәдениет үйінде мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауыл округ әкімдері, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, аудандық Қоғамдық келісім кеңесі мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шарада ауданның этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері Тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және гүлденген өмірі үшін өз алғыстарын білдірді. Региональды «ФАЙЗ» қауымдастығының төрағасы Ш.Бабаев ел ағаларына алғыс білдіріп, ауданның құрметті азаматтары Р.Төлемісова, Е.Қазыбеков, Т.Альханов мырзаларға шапан жауып, өз алғысын білдірді. Бұл мереке қиын-қыстау уақытта қазақ халқының көрсеткен қамқорлығының ұмытылмайтынын білдіреді. Айтулы мереке халқымыздың тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүруі үшін өте маңызды. Іс-шара мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
«No-comment.kz»-ақпарат