Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен Ресей Федерациясының Көлік министрі Роман Старовойттың кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен Ресей Федерациясының Көлік министрі Роман Старовойттың кездесуі өтті

Қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Ресей көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Роман Старовойттың кездесуі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында дәстүрлі түрде екі елдің көлік-логистикалық кешенін дамыту мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.

Атап айтқанда, теміржол көлігі саласы мен екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытуға бағытталған іс-шаралар пысықталды.

Келіссөздер барысында "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің шығыс маршрутының әлеуетін одан әрі дамыту, сондай-ақ Ресей порттары бағытындағы тасымалдарды дамыту перспективалары талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты байланыстарды жоғары деңгейде жалғастыруға келісті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...