Биыл барлығы 10 576 орындық 27 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда

Биыл барлығы 10 576 орындық 27 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда
Жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесі Алматы мен Астанадан басқа барлық өңірде шешілді, деп хабарлады Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
 
«Бұл мақсатта жатақханалар салуға арналған мемлекеттік тапсырыс тетігі оңтайландырылды. Бір орынға арналған норматив (АЕК) 40%-ға ұлғайтылды, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды. Аталған тетік заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар (student residence) форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік берді. Астана мен Алматы қалаларындағы жер учаскелерінің тапшылығын ескере отырып, ҚР ҒЖБМ мемлекеттік университеттерінің осы қалалардағы ғимараттарды жатақханаға қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшерін 1 орынға жылына 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде», — деді Саясат Нұрбек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...