Мұнай-газ машина жасау саласында өндіріс көлемі 41,2 %-ға ұлғайды

Мұнай-газ машина жасау саласында өндіріс көлемі 41,2 %-ға ұлғайды

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мұнай - газ машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 41,2 % - ға ұлғайып, 27,6 млрд теңгеге жетті (2023 жылдың сәйкес кезеңінде-19,5 млрд құраған). Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында салаға $1 356,9 мың инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,4 есе көп ( $ 557,1 мың).

Мұнай-газ машина жасау саласы - бұл мұнай және газ өнеркәсібі, сондай-ақ химия және мұнай-химия өнеркәсібі үшін арнайы жиынтық технологиялық желілер мен қондырғыларды және технологиялық жабдықтар өндірісімен айналысатын машина жасау саласы. Қазақстанда осы салада 48 кәсіпорында 1700-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

Ағымдағы жылы бұл секторда екі жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын зауыт салу және Атырау облысында сорғы жабдықтарын жөндеу, құрастыру және сервистік қызмет көрсету бойынша цех салу жобалары.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...