Қазақстандықтар марафон айында 900-ға жуық игі іс жасады

Қазақстандықтар марафон айында 900-ға жуық игі іс жасады

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Бұл қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба ережелері бойынша игі істі әлеуметтік желілерде жариялап, www.qazvolunteer.kz. сайтында тіркеуден өту қажет. Бүгінгі таңда 826 игі істі тіркелді.

Астанада волотерлер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды.

Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең жақсы ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...