Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуда

Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуда

Ақмола облысында Nomads camp 2024» халықаралық скауттар слетінің салтанатты ашылуы өтті. Әзербайжан, Жапония, Ресей, Германия, Нидерланды, Филиппин, Пәкістан, Оңтүстік Корея, АҚШ және Швеция сияқты 10 елдің отрядтары табиғатта бос уақытын өткізуге келді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі идеясы - жастардың мәдениетаралық диалогын құру үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және басқа мемлекеттерден келген скауттарды бір шаңырақ астына біріктіру.

Бір апта бойы скауттар көшпенділер салтымен өмір сүреді. Ең алдымен командалар киіз үйлерді өздері орнатуы керек. Жеті күн ішінде олар қазақ ұлттық тағамдарының, бүркіт өнері мен халық қолөнерінің негіздерін меңгереді. Сонымен қатар этно-лагерь тұрғындары үшін кедергілер жолағы, арқан саябағы, өрмелеу алаңы, садақ ату сабақтары және ұлттық ойындар дайындалды.

Бағдарламада қатысушы елдердің интерактивті алаңдары қарастырылған, онда әр команда өз Отанының мәдениетін таныстырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...