Израиль Қазақстанда су қоймаларының құрылысына инвестиция салуға ниетті

Израиль Қазақстанда су қоймаларының құрылысына инвестиция салуға ниетті

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Value LBH компаниясының басқарушы серіктесі және Dan Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шимон Бен Хамо бастаған су ресурстарын басқару саласындағы жетекші израильдік компаниялардың консорциумымен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар су саласының түрлі бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау, бірлесіп кадр даярлау жөнінде сөйлесті.

Израильдік бизнесмендер Қазақстанда су қоймаларын салу және реконструкциялау жұмыстарына инвестор ретінде қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Бұдан бөлек, израиль компаниялары су тасқынын болжау және одан қорғанудың заманауи жүйелерін ұсынуға дайын.

Сонымен қатар, тараптар су үнемдеу технологияларын енгізу, суды тазарту және қайта пайдалану, ауыз судың сапасын бақылау, су ресурстарын бөлу мен есепке алуды автоматтандыру мәселелері бойынша да серіктестік орнату жөнінде әңгімелесті.

Нұржан Нұржігітов кадр даярлау мәселесіне жеке тоқталып, еліміздегі су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру бойынша бірлескен бағдарлама әзірлеу жөнінде бастама көтерді. Сондай-ақ, жоспарланған жобалар бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Біз нәтижелі ынтымақтастыққа ниеттіміз. Израильдік компаниялардың суды сапалы басқаруда мол тәжірибесі мен заманауи технологиялары бар. Кейбір компаниялар Қазақстанда бұрыннан бері табысты жұмыс істеп келеді. Біз барлық салада суды барынша тиімді пайдалануға ниеттіміз, сондықтан серіктестігіміз өзара тиімді болатынына сеніміміз мол», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...