Еліміз бойынша Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Еліміз бойынша Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Республикалық деңгейде шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Облыс орталықтарында мереке Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Сондай-ақ OpenAir форматында Абай шығармаларын оқу, әдеби кештер мен караоке іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мереке аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...», «Кел жастар біз бір түрлі жол табалық», «Шәкірдің Абайға арналған естеліктері мен өлеңдері» іс-шаралары, «Абайды оқы, таңырқа...» атты жыр мүшәйрасы, «Түркістан тарихы» мұражайында «Абай әлемі» көрмесі өтеді.

Жастар саясаты желісі бойынша ұлттық жастар онкүндігі аясында челлендждер мен Абай шығармаларын оқу жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...