АРЫС-ТҮРКІСТАН КАНАЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

АРЫС-ТҮРКІСТАН КАНАЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласында Кентау-Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолы аралығындағы Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтсақ, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылып отыр. Одан бөлек, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады. Жалпы, ескі көпірді жаңа заманауи әрі тарихи келбетке келтіру жұмыстары 5 ақпанда басталған болатын. 20 ақпанда аяқталуы жоспарланып отыр. Мұнда 52 жұмысшы мен 10-ға тарта техника жұмылдырылды.
«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...