Соңғы 3 жылда қалалар мен ауылдарда дәрігерлердің тапшылығы азайып келеді

Соңғы 3 жылда қалалар мен ауылдарда дәрігерлердің тапшылығы азайып келеді
2023 - жылы мемлекеттік сектордағы дәрігерлердің тапшылығы 4,8 мыңнан астам штат бірлігін құрады, оның ішінде қалада – 3,7 мың, ауылда – 1,1 мың дәрігер тапшылығы азаюда. 2022 - жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш қалада 24% - ға, ауылдарда 21% - ға төмендеді. Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
«Егер бос лауазымдарды есептесек, онда біздің денсаулық сақтау жүйесінде шамамен 4,8 мың орта медицина қызметкері жетіспейді, бұл 2022 - жылдың соңындағы көрсеткіштен 27% - ға аз. Бүгінгі таңда ең көп сұранысқа ие медициналық мамандықтардың қатарына терапевтер, рентгенологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтер, акушер-гинекологтар кіреді», - деп атап өтті спикер. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана қаласы әкімдігінің алдын ала бағалауынша, форум күндері елордаға 5 мыңнан астам шетелдік қонақтың келуі қонақ үйлер, мейрамханалар, көлік...