Жыл басынан бері 1 мыңнан астам қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды

Жыл басынан бері 1 мыңнан астам қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтың айтуынша, осы уақыт аралығында қызмет көрсету барысында азаматтардан негізсіз артық құжат талап етуге байланысты 800-ден астам факті әшкереленді. Қызмет уақытылы көрсетілмей, азаматтарды әуре сарсаңға салу фактілері 18 мыңнан асып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған бұзушылықтар негізінде, 900-ге жуық лауазымды тұлға тәртіптік, 259-ы – әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың құқықтары толығымен қалпына келтірілді. Атап айтқанда, бұлар 1 млрд тенгеден астам түрлі субсидияларға, 400-ге жуық жер телімдеріне рәсімдеу құқықтарын қалпына келтіруге және тағы басқа игіліктерге қол жеткізумен байланысты», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылдың 4 шілдесінде Республикалық адвокаттар алқасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова, Тіркеу қызметі және заң көмегін...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Түркияда өткен «Анадолу-2025» халықаралық оқу-жаттығуына...

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...