Бесік

Бесік
Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің басы тал бесіктен басталады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде бесік туралы мәліметтер көп кездеседі. Ертегілерде, мақал-мәтелдерде, әндер мен өлеңдерде де бесік туралы айтылады.
 
Қазақ халқы бесікке үлкен мән беріп, қасиетті мүлік деп қараған. Жас нәрестенің дүниеге келуі отбасы үшін қашан да үлкен қуаныш. Туылған баланы кіндігі түскен соң, баланың тазалығына, аяқ-қолы мен денесінің дұрыс қалыптасуына тигізер пайдасы мол болғандықтан бесікке салған.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығындағы көне де құнды жәдігерлердің бірі 1978 жылы сыйға тартылған бесік (суретте). Бұл жәдігер сол жылдары музейдің бас қор сақтаушысы қызметін атқарған Орынбай Дастановтың анасынан қалған бесік. Бұл бесік сыйға тартушының айтуы бойынша ХVІІІ ғасырда жасалған.
Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Халқымызда бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік, көшпелі өмір салтын ұстанған халқымыздың тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде, бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған.
Ал, бесіктің құрылымы баланың дәретін жаймай, таза және ұйқысының тыныш болуына жағдай жасайды. Бесікті Орта және Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерлерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Бесіктер әр халықта түрлі үлгіде жасалғанымен, оның атқарар функциясы бала ұйқысының тыныштығын, баланың тазалығын, оның денсаулығының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ету болса, оның қолданыста ыңғайлылығы күнделікті өмірде қолдануда өте тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақ халқында баланың нағашы жұрты әкелген бесікке әулет әжелері ерекше ықыласпен қарап, түрлі жоралғылар жасап отырған. Бесікті қашан және кімнің ойлап тапқаны белгісіз, бірақ ғасырлар бойы бұл көшпелі қазақ өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді.
 
Д.Әділбаева - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының архивист.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...