Жамбыл облысында шенеунік 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Жамбыл облысында шенеунік 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуін аяқтады.

«Ол салықтық тексерісті уақтылы және кедергісіз аяқтап отырғаны және МКД тарапынан басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.

Соталды тергеу аяқталғаны хабарланды, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды», - деді аса маңызды істер бойынша тергеуші.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...