Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Jibek Joly 5.0 мәдени-туристік жобасының жаңа маусымы 19 қыркүйекте басталады. Бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған тур Ұлы Жібек жолы бойындағы...

Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы...