Бүгін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакцинация жүргізу барысы туралы баяндады.
Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүріп жатыр. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаты кеңейтілді. Вице-министрдің айтуынша, кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды.
«Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 435 мың азамат егілді, екінші компонентпен - 107 мыңнан астам қазақстандық егілді.
Сәуірдің басынан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мыңнан аса дозасы жеткізілді, сәуірдің соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың «QazVac» вакцинасы жеткізіледі, бұл елдің шамамен 2 миллион тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімдігін қамтамасыз етеді», - деді брифингте М. Шоранов.