Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 670-тен астам объект бейімделген

Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 670-тен астам объект бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында 678 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20 %-ы бейімделуге жатады.

Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 объект толығымен бейімделген.

Осы жылдың соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 634 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде жоспар артығымен орындалып, 678 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

«2024 жылдың наурыз айында мен департаментке «Горизонт» сауда үйі мен «Квартал» бизнес-орталығында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілмеу мәселесі бойынша жазбаша ескертулермен жүгіндім. Менің өтінішім бойынша департамент қызметкерлері жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның нәтижесі бойынша аталған ескертулерді жою бойынша шаралар қабылданды. Бірінші топ мүгедектігі бар азамат ретінде мен Петропавл қаласы бойынша да, жалпы облыс бойынша да объектілерді бейімдеу мәселесі жақсы жаққа өзгеріп жатқанын көремін. Әлеуметтік нысандар мүгедектігі бар адамдар үшін де, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін де бейімделуде», – деді «Ардос – Жүрек» ҚБ басшысы, бірінші топтағы мүгедектігі бар Кәрім Ақжан.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылдың 8 айында мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 67 тексеру жүргізді, оның ішінде: 22 – жоспардан тыс тексерулер, 36 – профилактикалық бақылау және прокуратураның талабы бойынша 9 тексеру болды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 51 ұйғарым беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға 7 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Бұқар жырау ауданында жеті ФАП, төрт дәрігерлік амбулатория және төрт медициналық пункт...