«Самұрық-Қазына» вакцинаға 31,1 млн. доллар жұмсамақ

«Самұрық-Қазына» вакцинаға 31,1 млн. доллар жұмсамақ

Қазақстандық бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде БАӘ-де өндірілген коронавирусқа қарсы Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алды.

Еске сала кетейік, Hayat-Vax - БАӘ-де өндірілетін қытайлық Sinopharm компаниясы әзірлеген вакцина.

2021 жылғы 30 сәуіріне дейін аталған вакцинаның 400 000 дозасы, мамыр айында 600 000 дозасы жеткізіледі. «СҚ-Фармация» мәлім еткендей, аталмыш вакцинаның 1 дозасы 31,1 долларды құрайды. Демек, Hayat-Vax вакцинасының 1 млн. дозасын алу үшін 31,1 млн. доллар жұмсалмақ.

«Самұрық-Қазына» АҚ – елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Компаниялар тобына 276 мың қызметкер еңбек етіп жүрген 292 кәсіпорын кіріп отыр.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...