АҚШ пен Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын дамыту

АҚШ пен Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығын дамыту

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ұзақ мерзімді байланысты нығайту мақсатында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Министр «Cove Capital» басқарушы серіктесі Пини Альтхауспен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұл инвестициялық компания тау-кен және табиғи ресурстар секторына маманданған.  Ол өзінің тәжірибесін пайдалана отырып, барлау кезеңінен құрылыс кезеңіне дейінгі жобаларды қаржыландырады, соның ішінде жаңа кеніштің құрылысы мен жұмысына қажетті қолдау көрсетеді.

 Қанат Шарлапаев «EPAM» компаниясының вице-президенттерімен кездесті. Компания 40-тан астам елде жұмыс істейді. Олардың қызмет салаларына цифрлық трансформация, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және АТ-консалтинг кіреді. EPAM – қаржы, денсаулық сақтау және қоғамдық сектор ұйымдары сияқты салаларға қызмет көрсететін цифрлық платформаны жобалау және әзірлеу қызметтерінің әлемдік көшбасшысы

 Министр сондай-ақ «BacTech Environmental Corporation» Президенті және Бас атқарушы директоры Росс Оррмен кездесу жүргізді. Компания 2010 жылы құрылған және Эквадор, Перу және Колумбияда белсенді барлаулар жүргізуде. BacTech алтын, күміс, кобальт және мыс сияқты қалдықтардан алынған асыл және негізгі металдар, алтынды өндіру үшін патенттелген BACOX биосілтілеу технологиясын пайдаланады.

 Одан бөлек, Қанат Шарлапаев Жаһандық инфрақұрылым және инвестиция бойынша серіктестік (PGII) бастамасының арнайы үйлестірушісінің м.а. Хелайна Матцамен кездесті. PGII – Жетілік тобының (G7) Blue Dot Network сенім принциптеріне негізделген дамушы елдердегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталған бірлескен күштері. BDN жеке капиталды шетелге инвестициялау үшін жұмылдыру мақсатымен қаржылық ашықтық, қоршаған ортаның тұрақтылығы және экономикалық дамуға әсері үшін дүниежүзіндегі инфрақұрылымдық жобаларды бағалау және сертификаттау үшін АҚШ, Жапония және Австралия құрған көп мүдделі бастама болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...