Дүниежүзілік банк Қазақстанға қаржыландырудың жаңа құралдарын ұсынады

Дүниежүзілік банк Қазақстанға қаржыландырудың жаңа құралдарын ұсынады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Дүниежүзілік банк тобының басқарушы әрі қаржы директоры Аншула Кантпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстанның экономикалық даму және инвестициялар тарту жөніндегі стратегиялық жоспарын талқылады, өзара ынтымақтастық туралы пікір алмасты, бұған қоса көлік, энергетика, цифрлық даму саласындағы бірлескен жобалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Нұрлан Байбазаров Дүниежүзілік банкпен өзара тиімді ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, Қазақстанда неғұрлым инклюзивті әрі орнықты дамуға қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға бағытталған банктің елімізбен серіктесігі одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Өз тарапынан Аншула Кант Қазақстанға, сондай-ақ экологиялық күн тәртібіне сәйкес келетін және бүкіл өңірдің тұрақты дамуына бағытталған мемлекетаралық жобаларға қолданылуы мүмкін жаңа қаржы құралдары мен кепілдіктерді ұсынды.

Ол сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Қазақстанға қатысуы негізгі стратегиялық басымдықтарды айқындайтын 2026-2030 жылдарға арналған серіктестік стратегиясы аясында кеңейетінін атап өтті. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды ...

Өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция...