Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.

Премьер-Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.

ЕҮАК отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды ...

Өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция...