2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді

2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді

Қазақстан 2026 жылғы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир БАӘ-де, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді.

«Қазақстанда киберспорт қарқынды дамып келеді. 2018 жылдан бері Қазақстан аумағында 140-тан астам киберспорт турнирі ұйымдастырылды. Оған 40 мыңнан аса адам қатысты. Біз «Болашақтың ойындарын» сәтті өткізу үшін бар күшімізді саламыз», деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Роллан Серіков 2026 жылы «Болашақ ойындарын» ұйымдастырушы елдің жариялануына арналған іс-шарада.

Бұған дейін Phygital International өкілдері турнирді Қазақстанда өткізу мүмкіндігін бағалау үшін Астанаға келген еді. Қазақстан киберспорт федерациясы 2026 жылы Астанада өтетін «Болашақтың ойындарына» дайындықты бастады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...