Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді

Энергетика министрлігі шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтитын «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын» әзірледі. Құжаттың мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жол картасының ережелерін орындау шеңберінде мынадай нәтижелер көзделген:

  • Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемін 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 2030 жылға қарай 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту;
  • Мұнай-газ химиясында іске асырылатын және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету;
  • 14,7 млрд АҚШ доллары сомасына инвестициялар тарта отырып, шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орнын құра отырып, алты жобаны іске асыру;
  • Мұнай-газ химиясы жобалары үшін «ҰИМХТ» АЭА аумағында қажетті инфрақұрылым салу;
  • Мұнай-газ-химия саласының өнімдерін өткізу нарықтарын қамтамасыз етіп, ішкі тұтынуды ынталандыру;
  • Ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау есебінен саланы дамыту үшін жағдайлар жасау.

Жол картасын ҚР Үкіметі бекітті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...