Үкіметте қазақстандық және түрік компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Үкіметте қазақстандық және түрік компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түрік және қазақстандық бизнесмендер Ассоциациясының басқарма төрағасы Аббас Шахинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар түрік инвесторларының қазіргі жобаларын іске асыру барысын талқылап, түрік және қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру және нығайту жөніндегі пікірлермен алмасты.

Роман Скляр мемлекет инвесторлардың мәселелерін шешуге үлкен назар аударып отырғанын және жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Түрік және қазақстандық кәсіпкерлер Ассоциациясының басқарма төрағасы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысында өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге бағытталған алдағы қадамдар айқындалып, бұл сөзсіз екі ел арасындағы бизнес пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп...