Қазақстан командасы ірі жарыстарда тамаша нәтиже көрсетуде -эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті

Қазақстан командасы ірі жарыстарда тамаша нәтиже көрсетуде -эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті

2024 жылғы 10-13 қазан аралығында Гонконгта Азия чемпионаты, Әлем Кубогы және халықаралық турнир өтті. Жарысқа 14 елден 60-тан астам команда қатысты. 20 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жарыста түрлі жас санатындағы 15 қазақстандық команда өнер көрсетті. Сайыс қорытындылары туралы ОКҚ алаңында қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Мәдина Бектұрғанова айтып берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің балалар, спортшыларымыз керемет нәтижелер көрсетті, біз оларды мақтан тұтамыз және спортшыларымызды сәтті өнер көрсеткенімен құттықтаймыз. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аясында біздің Samruk және Flame командаларымыз Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері атанды», – деді спикер.

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерден тұратын Alan-Junior командасы Азия чемпионы атанды. Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері – Алматы LiEl командасы. Сеньорлар санатындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері – астаналық Samruk командасы. 

«Бүгінгі таңда Қазақстан командасы ірі жарыстарда өте жақсы нәтиже көрсетуде. Сеньорларда тек Жапония командасына ғана есе жібердік, ал жасөспірімдер арасында Жапония командасы тиісінше қола жүлдегер атанды», - деп түйіндеді федерация басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін...

Гонконгтағы жарыс – Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика тарихындағы екінші Азия чемпионаты, екінші жарыс қатарынан отандық команда көшбасшы...

2024 жылғы 10-13 қазан аралығында Гонконгта Азия чемпионаты, Әлем Кубогы және халықаралық турнир өтті. Жарысқа 14 елден 60-тан астам команда...