Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты 2026 жылы Астанада өткізілуі мүмкін

Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты 2026 жылы Астанада өткізілуі мүмкін

Еліміздің эстетикалық топтық гимнастика құрамасы Азия чемпионатына қарқынды дайындық жүргізіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясының вице-президенті Әйгерім Арпабаеваның пікірінше, жарысқа қатысқан 9 мемлекеттің ішінде жеңіске жету отандық спортшылар үшін үлкен жетістік болды, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, спорттың бұл түрі Қазақстанда соңғы 5 жылда дамып келе жатыр.

«Бәріміз қуанып жатырмыз. Қыздарымыз көріп, гимнастикамен айналысуға келіп жатыр. Біздің федерация осының бәрін сол үшін жасап жатыр», – деді спикер. 

Бұл спорт түрінен Қазақстанның басты қарсыластары Жапония мемлекеті болды. Күн шығыс елінің спортшылары юниорлар арасындағы жарыста 3-орын алды.

«Жапонияда эстетикалық топтық гимнастика бізге қарағанда көп уақыт бойы дамып келе жатыр. 10 жылдай дамытып жатыр осы спорт түрін. Біз бұл спортқа жаңадан келдік. Біз сеньор тобында 2-орын алдық. Жапон қыздары 19-21 жаста. Біздің қыздарымыз 16-17 жаста. Солардың командасы 1-орын алды. Біздің Samruk тобы 2-орын алды. Біз соған да қуанып отырмыз. Бірақ келесі Азия чемпионатын 2026 жылы Астана қаласында өткізсек, біздің қыздар соған дайныдалып, 1-орын алады деген жоспарымыз бар», – деді Ә.Арпабаева.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...