«Nur Otan»-ның басқа партияда жоқ электоралдық тәжірибесі жеңіске жеткізді – саясаттанушы

«Nur Otan»-ның басқа партияда жоқ электоралдық тәжірибесі жеңіске жеткізді – саясаттанушы

Саясаттанушы Эдуард Полетаев Қазақстанда алғаш рет тікелей дауыс беру арқылы өткізілген ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты пікір білдірді. Сарапшы өткен сайлауда «Nur Otan» ұйымдастырушылық және ресурстық мүмкіндіктерінің арқасында жеңіске жетті деген пікірде. Бұл турала Zakon.kz сайты хабарлады.

«Партиялар үшін сайлау науқанының нәтижесі ең алдымен ұйымдастырушылық, кадрлық, қаржылық, техникалық, ақпараттық мүмкіндіктерге байланысты», - деді сарапшы.

Оның ойынша, өткен сайлауда партиялар үшін электоралдық міндеттер қиындай түскен. Себебі партиялардың ауылға «дендеп кірісуі», яғни бастапқы деңгейде жұмыс істеуі ішкі ресурстардың одан да көп жұмсауды талап етті.

«Nur Otan» мен «Ауылдан» басқа партиялардың көпшілігі 100 кандидатты да ұсына алмағаны заңды, сондықтан көптеген облыстарда оларда кандидаттардың ең аз саны болды, ал жекелеген өңірлерде мүлдем болмады. Мысалы, Қостанай облысында Халық партиясынан кандидаттар болған жоқ. Өз кезегінде «Nur Otan» өзінің ресурстық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерінің арқасында 586 кандидатты ұсына отырып, сайлау округтерінің 80%-дан астамын қамтыды. Бұл ретте оларға қажетті әдістемелік көмек көрсетілді», - деді Полетаев.

Айта кетейік, «Nur Otan» кандидаттарына барлық партиялық құрал – орталық аппарат, 248 филиал, 4,5 мың бастауыш партия ұйымы, 1,7 мың Қоғамдық кеңестен тұратын өңірлік жүйе жұмыс істеді.

«Билеуші партиядан басқа бірде-бір партияда жоқ орасан зор электоралдық тәжірибесі болуы да өз рөлін атқарды», - деп түйіндеді сөзін сарапшы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас...

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов биыл қаңтарда Римде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан–Италия дөңгелек үстелінің алаңдарында...

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп...