Президентке халық бірлігі өте қажет және Нұр Отан ол үшін тиімді құрал бола алады – танымал блогер

Президентке халық бірлігі өте қажет және Нұр Отан ол үшін тиімді құрал бола алады – танымал блогер

Танымал блогер Айдос Жұқанұлы «Facebook» әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында әлемнің бірде-бір демократиялық елінде президент өзінің қызметін партиядан тыс саяси тұлға ретінде атқармайтынын тілге тиек етеді. Оның паймдауынша, атқарушы биліктің басшысы мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қуатты саяси партиядан ұсынылады және оған иек артады. Бұл тәжірибенің АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Францияда, Италияда, Скандинавия елдерінде ұзақ тарихы бар. Яғни, «Мықты партия – мықты президент» формуласы осы елдерде өзінің нәтижелілігін дәлелдеді, қазіргі заманғы саяси құрылым онсыз мүмкін емес.

«Партияны таратуда дұрыс логика жоқ. Неліктен ел Президентінің тірегі болып тұрған қуатты және белсенді саяси ресурсты жою керек? Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Отан партиясын басқарады. Қазір біздің Президентімізге халықтың бірлігі өте қажет және Нұр Отан ол үшін тиімді құрал бола алады», - деп жазады ол өзінің жазбасында.

Сонымен қатар, журналист кейбір партия мүшелерінің тарапынан кемшіліктер мен көңіл толмайтын тұстар бар екенін, ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейтінін атап өтеді.

«Бірақ бүкіл саяси ұйымға барлық жауапкершілікті жүктеу және оны барлық күнәлар үшін айыптау көрегендік емес, ақымақтық. Бүгінгі таңда дауыс беру қорытындысы бойынша партия өзінің негізгі қызметін – электоратты біріктіріп, мемлекет пен азаматтар арасындағы көпір қызметін атқарады. Нұр Отанның болашағы бар ма, ол бұрынғыша билеуші партия бола ма, оны болашақтағы сайлау көрсетеді, онда әркімнің өз азаматтық борышын көрсетуге және көпшіліктің пікірі бойынша халықтың шынайы еркін білдіретін, ел азаматтары тарапынан сөзсіз сенімге ие саяси ұйымға дауыс беруге шексіз мүмкіндігі бар», - деп қорытындылайды пікірін Айдос Жұқанұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Общегородское мероприятие #TazaShym, которое проходит в рамках недели «Таза өлке», продолжилось на территории историко-культурного комплекса «Шымкала», расположенного в Аль-Фарабийском районе. Специалисты в области культуры и...