Президент Үкіметтің отставкасын қабылдады

Президент Үкіметтің отставкасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы NO-COMMENT.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2022 жылғы 05 қаңтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. 
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін. 
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас...