Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International чемпиондық титулы үшін болған жекпе-жекте жеңіліп қалды. Кездесу Мексикада өткен. Оған жергілікті боксшы Хуан Карлос Райгоса қарсы шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Елеусінов пен Хуан Карлос Райгосаның жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Sports.kz басылымының хабарлауынша, мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіп кеткен. Бұл 34 жастағы Дәурен Елеусіновтың кәсіби бокс мансабындағы алғашқы жеңілісі болып табылады. Бұған дейін ол сегіз жеңіске қол жеткізген. Олардың жетісінде боксшы қарсыластарын нокаутқа жіберді. Отандық спортшының бір кездесуі тең есеппен аяқталды. Ал 30 жастағы Хуан Карлос Райгоса үшін бұл 16-жеңіс болған. Оған қоса, боксшының 15 жеңілісі мен тең есеппен аяқталған үш жекпе-жегі бар. Айта кету керек, бұл салмақ дәрежесінде қазақстандық Геннадий Головкин де өнер көрсетеді. Ол IBF пен IBO дәрежелері бойынша чемпиондық белбеудің иегері болып табылады. Алайда, WBC толыққанды титулы Джермалл Чарлоға тиесілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...