«Бавария» - Чемпиондар Лигасының чемпионы!

«Бавария» - Чемпиондар Лигасының чемпионы!

Биылғы жылдың Чемпиондар Лигасы да тәмам болды. Әлемді жайлаған пандемияның салдарынан жанкүйерсіз өткен айтулы доданың ақтық сынында Францияның «ПСЖ» клубы мен Германияның «Бавариясы» бақ сынады.

Жасыратыны жоқ, жанкүйерлер голға толы мачты күткен болатын. Себебі, қос команда да қарсыластарына голдарды зеңбіректей жаудыратын. Алайда, қарсыластар сақ қимылдады.

Неймар мен Мбаппе қанша рет Нойер қақпасын көздегісі келді. Бірақ неміс ойыншылары сауатты қорғана білді.

Керісінше париждік ойыншылардың жүйкелері сыр берді. Ойынның 59 минутында Кингсли Коман Навас қорғаған қақпаның саңылауын тауып есеп ашты. Бұл гол германиялық команданы чемпиондыққа жетелеген гол болатын.

Осылайша «Бавария» биылғы жылдың Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, Ханс-Дитер Флик шәкірттері турнир басталғалы барлық қарсыластарын жеңген команда болып тарихта қалды.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету...

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында жаңа әскери кафедра ашылды, деп...