Неймар коронавирус жұқтырды

Неймар коронавирус жұқтырды

Франциялық "Пари Сен-Жерменнің" бразилиялық футболшысы Неймардан коронавирус табылды, - деп хабарлайды Tengrinews L'Equipe сайтына сілтеме жасап.

Клуб командада COVID-19 жұқтырудың үш жағдайы анықталғанын растады, бірақ ойыншылардың аты-жөндерін жарияламады. Газет тілшілерінің жазуынша, науқас футболшылар - Неймар, Анхель Ди Мария және Леандро Паредес.

Бұған дейін L'Equipe ПСЖ-ның бірқатар ойыншысы бірнеше күн демалыста Ибицада болғанын, содан кейін олар Парижге оралғанын хабарлаған. Олардың қатарында жоғарыда аталған футболшылар да болған. Олар сол жерде вирус жұқтырған болуы мүмкін. Енді ойыншылар бір апта карантинді сақтайды.

ПСЖ-ның келесі матчі 10 қыркүйекте өтеді. Франция чемпионатының екінші туры аясында париждіктер "Ланспен" кездеседі. 

https://kaz.tengrinews.kz/football/neymar-koronavirus-juktyirdyi-312516/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...